
Яссауи көшесінің бір бөлігінде орташа жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі.
12 тамыз сағат 23:00-ден 13 тамыз сағат 10:00-ге дейін Жандосов көшесінен Шаляпин көшесіне дейінгі аралықта көлік қозғалысы жабылады.
Жөндеу жүргізіліп жатқан учаскеде ескерту белгілері және мердігер ұйым басшысының байланыс деректері көрсетілген ақпараттық тақта орнатылады. Жол жүру бағытын алдын ала жоспарлауды сұраймыз.
Еске салайық, көлік қозғалысына енгізілетін шектеу туралы барлық ақпарат @AlmatyJoly Telegram арнасында, әкімдіктің әлеуметтік желідегі парақшаларында, сондай-ақ 2GIS және «Яндекс Карталар» қосымшаларында жарияланады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/1273171?lang=ru

Жауап қалдыру