
Алакөл ауданының полиция қызметкерлері Ақши ауылында жүргізушілермен күнделікті профилактикалық жұмыстарды жалғастыруда.
Полиция қызметкерлері жол қозғалысына қатысушылармен түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, ақпараттық жадынамалар таратуда. Жүргізушілерге жылдамдық режимін сақтау, қауіпсіздік белдігін тағу, көлік жүргізу кезінде ұялы телефонға алаңдамау және мас күйінде рөлге отырмау қажеттігі ескертіледі.
Демалушылар легі көп кезеңде жол қауіпсіздігіне ерекше назар аударылуда. Жүргізушілерге жолда барынша мұқият болу, қауіпсіз арақашықтықты сақтау және көлік қозғалысының қарқындылығын ескеру қажеттігі түсіндірілуде.
«Заң және Тәртіп» қағидаты аясында полиция қызметкерлері жол-көлік оқиғаларының алдын алуға және жол қозғалысы мәдениетін арттыруға бағытталған жүйелі профилактикалық жұмыстарды жалғастыруда.
Полиция еске салады: жолдағы қауіпсіздік әрбір жол қозғалысына қатысушының жеке жауапкершілігінен басталады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-zhetysu/press/news/details/1273172?lang=ru

Жауап қалдыру