
Ақсу өңірінде мал жаю ережелерін бұзған 200-ден астам мал иесі жауапкершілікке тартылды.
Полиция қызметкерлері ауыл шаруашылығы жануарларының иелерімен түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, малды тиісті түрде ұстау және жаю, сондай-ақ олардың автожолға шығып кетуіне жол бермеу қажеттігін ескертуде.
Жол-көлік оқиғаларының алдын алуға ерекше көңіл бөлінуде. Жануарлардың автомобиль жолдарында бақылаусыз жүруі жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздігіне елеулі қауіп төндіріп, жол-көлік оқиғаларына себеп болуы мүмкін.
Полиция мал иелерін жануарларды қараусыз қалдырмауға, оларды арнайы белгіленген орындарда ұстауға және малдың жолға шығып кетуіне жол бермеу үшін уақытылы шаралар қабылдауға шақырады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/qriim/press/news/details/1272817?lang=ru

Жауап қалдыру