
2026 жылғы 30 шілдеде «Қарасора-2026» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында Маңғыстау облысы Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Ақтау қаласының 27-шағын ауданында «Toyota Camry» автокөлігін басқарған, 1995 жылы туған азаматты ұстады.
Тінту барысында азаматтың өзінен және автокөлік салонынан «Тропикамид» препаратының 82 құтысы, «Прегабалин» препаратының 21 таблеткасы, сондай-ақ салмағы шамамен 2 грамм болатын есірткіге ұқсас ұнтақ зат тәркіленді.
Тәркіленген заттарға сот сараптамасы тағайындалды.
2026 жылғы 30 шілдеде аталған азаматқа қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 301-бабының 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Ұнтақ затқа жүргізілген сараптаманың қорытындысына сәйкес оған қосымша құқықтық баға беріледі.
Сонымен қатар медициналық куәландыру нәтижесінде азаматтың күшті әсер ететін «Тропикамид» затын қолданғаны анықталды. Осыған байланысты Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 440-1-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.
Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.
https://www.instagram.com/reel/Db5lViEIKoS/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-mangystau/press/news/details/1272994?lang=ru

Жауап қалдыру