
Астана қаласы әкімінің орынбасары Ерік Мейірханның төрағалығымен әлеуметтік қорғау және инклюзивті ортаны дамыту мәселелері жөніндегі Үйлестіру кеңесінің отырысы өтті. Жиынға мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Отырыста инклюзивті саясат пен білім беруді дамыту, медициналық қызмет көрсетуді жетілдіру және басқа да мәселелер қаралды.
Үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері әлеуметтік қолдау шараларын жетілдіруге қатысты бірқатар ұсыныс айтты. Атап айтқанда, тұрғын үй көмегін көрсету, әлеуметтік және оңалту қызметтерін дамыту, арнайы мектептер желісін кеңейту, мүгедектігі бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларды қолдау, сондай-ақ олардың қоғам өміріне толыққанды араласуына қажетті жағдай жасау мәселелері көтерілді.
Отырыс қорытындысы бойынша мемлекеттік органдардың өкілдері тиісті түсіндірмелер берді. Айтылған ұсыныстар алдағы жұмыста ескерілетін болады. Астанада инклюзия мен әлеуметтік қорғауды дамыту мәселелері талқыланды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/1272745?lang=ru

Жауап қалдыру