
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің бастамасымен 2026 жылдан бастап балаларға арналған білім беру-сауықтыру ұйымдарының қызметін лицензиялау талабы енгізілді.
Лицензиялауда балалардың демалуына жағдай жасалған инфрақұрылымының болуы, бекітілген білім беру мен сауықтыру бағдарламаларын іске асыру, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары, медициналық қызмет көрсетудің ұйымдастырылуы, санитарлық нормалардың сақталуы, тиісті кадрлардың болуы қаралады. Лицензиялау талаптары жыл бойы жұмыс жасайтын және маусымдық мемлекеттік және жекеменшік орталықтарға қатысты болды.
Батыс Қазақстан облысы бойынша білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментімен қолданыстағы заңнама талаптары негізінде берілген өтініштерге сәйкес 8 білім беру-сауықтыру ұйымдары лицензияланды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/control-zko/press/news/details/1272735?lang=ru

Жауап қалдыру