
Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі 2024–2025 жылдардағы Қазақстан Республикасындағы көмірді бастапқы көтерме өткізу тауар нарығындағы бәсекелестіктің жай-күйіне талдауды аяқтады.
Талдау қорытындысы көмірді бастапқы көтерме өткізу нарығы жоғары шоғырлану деңгейімен, нарықтың іс жүзінде өзгермейтін олигополиялық құрылымымен және сол субъектілердің басымдыққа ие болуымен сипатталатынын көрсетті.
Атап айтқанда, талданатын кезеңде көмірді бастапқы көтерме өткізу нарығында мынадай нарық субъектілері басым жағдайға ие болды:
коммуналдық-тұрмыстық қажеттіліктерге арналған көмір бойынша – ERG компаниялар тобы және «Қаражыра» АҚ, жиынтық үлесі 65%-дан астам (2024 жылы – 74,8%, 2025 жылы – 67,9%);
энергия өндіруші ұйымдардың қажеттіліктеріне арналған көмір бойынша – «Богатырь Көмір» ЖШС және «Kazakhmys Coal» ЖШС, жиынтық үлесі 80%-дан астам (2024 жылы – 84,1%, 2025 жылы – 81,6%);
өнеркәсіптік қажеттіліктерге арналған көмір бойынша – ERG компаниялар тобы, үлесі 60%-дан астам (2024 жылы – 62,3%, 2025 жылы – 69,1%).
Нарықтың олигополиялық құрылымы жағдайында бағалардың өсу динамикасы жоғары деңгейде қалып отыр. 2022–2025 жылдар аралығында республика бойынша бастапқы көтерме өткізу кезінде коммуналдық-тұрмыстық көмір бағасының орташа өсуі шамамен 30–35%-ды, энергетикалық көмір бойынша 45%-ды құрады.
Нарықтың жоғары шоғырлануы, ең алдымен, ресурсқа қолжетімділіктің шектеулілігіне байланысты. Қазіргі уақытта барлық негізгі кен орындары нарық субъектілері арасында бөлінген және 25 жылға және одан да ұзақ мерзімге жасалған, одан әрі ұзарту мүмкіндігі бар мерзімсіз шарттар қолданылады.
Энергетикалық және коммуналдық-тұрмыстық көмір нарықтарының өзгермейтін олигополиялық құрылымы жағдайында сабақтас тұтынушылық нарықтардағы бәсекелестікті шектеу тәуекелдерін төмендету жөнінде шаралар қабылдау қажет. Осы тәуекелдерді жою мақсатында АЗРК бірқатар шараларды бастамашылық етті, олардың қатарында энергетикалық және коммуналдық-тұрмыстық көмір бағаларын реттеуді енгізу, тауар биржасында өткізілетін көмір көлемін 52%-ға дейін ұлғайту, сондай-ақ биржадан тыс өткізу көлемдерін негізгі қуат ретінде тану және кейіннен бұл көлемдерді цифрлық платформаларға шығару бар.
Талдау нәтижелері бәсекелестікті шектеуге жер қойнауын пайдаланушылармен жасалатын шарттардағы міндетті төлемдер мөлшерін белгілеу бөлігіндегі айырмашылықтар, сондай-ақ субъектілерге көмірді экспорттауға айрықша құқық беру жөніндегі тетіктің ашық болмауы ықпал ететінін көрсетті. Бұдан бөлек, нарыққа қатысушылар «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-мен тасымалдау жоспарларын келісу рәсімдерінің, атап айтқанда қажетті тауар көлемін тасымалдауға рұқсат беру бөлігінің ашықтығы мен болжамдылығы жеткіліксіз екеніне назар аударады.
Осыған байланысты Агенттік уәкілетті органдарға көмірді экспорттауға айрықша құқық берілген сыртқы сауда қызметіне қатысушылар тізбесіне енгізу критерийлерін айқындауды, бір тауар нарығындағы субъектілер үшін тең жағдайларды қамтамасыз етуді, сондай-ақ «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ теміржол инфрақұрылымының өткізу қабілеті туралы ақпараттың ашықтығын арттыруды ұсынды.
Жүргізілген талдау шеңберінде Агенттік мынадай негізгі қуат иелерін де анықтады:
коммуналдық-тұрмыстық қажеттіліктерге арналған көмір бойынша – «Шұбаркөл Көмір» АҚ және «Қаражыра» АҚ;
энергия өндіруші ұйымдардың қажеттіліктеріне арналған көмір бойынша – «Богатырь Көмір» ЖШС және «Kazakhmys Coal» ЖШС;
өнеркәсіптік қажеттіліктерге арналған көмір бойынша – «Еуразиялық энергетикалық корпорация» АҚ және «Шұбаркөл Көмір» АҚ.
Субъектілер негізгі қуат иелері ретінде танылғаннан кейін көмірді өткізу Негізгі қуатқа тең қол жеткізу қағидаларына сәйкес жүзеге асырылатын болады.
Нарықтың олигополиялық құрылымы жағдайында бағалардың өсу динамикасы жоғары деңгейде қалып отыр. 2022–2025 жылдар аралығында республика бойынша бастапқы көтерме өткізу кезінде коммуналдық-тұрмыстық көмір бағасының орташа өсуі шамамен 30–35%-ды, энергетикалық көмір бойынша 45%-ды құрады.
Бұған дейін Агенттіктің 2022 жылы жүргізген көмірді көтерме өткізу нарығына жүргізілген талдау нәтижесінде «Қаражыра» АҚ-ның өзінің үстем жағдайын теріс пайдалану белгілері анықталған болатын. Тергеу қорытындысы бойынша «Қаражыра» АҚ тарапынан монополияға қарсы заңнаманы бұзу фактісі анықталып, субъект 87,4 млн теңге мөлшерінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Қазіргі уақытта сот шешімі заңды күшіне енді және айыппұл ерікті түрде төленді, ал монополиялық кіріс толық көлемде мемлекет кірісіне тәркіленді.
Жаңа кезеңде монополиялық баға белгілеу фактілері анықталған жағдайда тиісті субъектілерге қатысты монополияға қарсы ден қою шаралары қабылданатын болады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zk/press/news/details/1272646?lang=ru

Жауап қалдыру