БҮГІН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖАСТАР КҮНІ!

Жарияланды:

Автор:

категорияда

БҮГІН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖАСТАР КҮНІ!

Құрметті аудан жастары!
Баршаңызды Халықаралық жастар күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

Жастар – елдің ертеңі, қоғамның қозғаушы күші. Білімге ұмтылған, еңбекқор, белсенді әрі бастамашыл жастар – ауданымыздың жарқын болашағының негізі.

Бүгінде аудан жастары қоғамдық өмірге белсене араласып, «Таза Қазақстан», «Жасыл ел», «Заң мен тәртіп» секілді маңызды бастамаларға өз үлестерін қосып келеді. Бұл – жастардың туған жерге деген жанашырлығы мен азаматтық белсенділігінің айқын көрінісі.

Жастық шақ – арманға қанат бітіріп, үлкен мақсаттарға жол ашатын ерекше кезең. Әрқайсыңызға өз қабілеттеріңізді ел игілігіне жұмсап, биік белестерді бағындыруды тілейміз.
Армандарыңыз асқақ, мақсаттарыңыз айқын болсын! Дендеріңізге саулық, оқуларыңыз бен еңбектеріңізге табыс, жарқын бастамаларыңызға сәттілік тілейміз!
Халықаралық жастар күні құтты болсын!

Құрметпен,
Әйтеке би ауданының әкімдігі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-aitekebi/press/news/details/1272766?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді