«Ертіс Жастар Fest» — қауіпсіздік бәрінен маңызды!

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Ертіс ауданының ТЖ бөлімінің қызметкерлері еріктілік қозғалысты насихаттау аясында ұйымдастырылған «Ертіс Жастар Fest» іс-шарасына қатысты.

Іс-шара барысында азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері жастарға өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау және қауіпсіз мінез-құлық бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Қатысушыларға өрт сөндіру-құтқару қызметінің жұмысы туралы ақпарат беріліп, арнайы техника, өрт-техникалық құрал-жабдықтар мен қызметкерлердің арнайы киімдері таныстырылды.

Қатысушылар құтқарушылардың жұмысының ерекшеліктерімен, пайдаланылатын құрал-жабдықтармен және төтенше жағдайлар туындаған кездегі іс-қимыл алгоритмімен танысты.

Мұндай іс-шараларды өткізу жастар арасында қауіпсіздік мәдениетін, жауапкершілікті және өзгелерге көмек көрсетуге дайын болу қасиетін қалыптастыруға ықпал етеді.

Қауіпсіздік әрқайсымыздан басталады!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-pavlodar/press/news/details/1273189?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді