
Бүгін Орал қаласында Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының кезекті 26-сессиясы өтті.
Сессияның күн тәртібінде 2025 жылғы облыстық бюджеттің атқарылуы, облыс әкімінің есебі, 2026–2028 жылдарға арналған облыстық бюджетке өзгерістер енгізу, құрылыс нысандарының тізбесі, елді мекендерді абаттандыру, «Таза Қазақстан» тұжырымдамасын іске асыру және өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты бірқатар маңызды мәселелер қаралып, тиісті шешімдер қабылданды.
Сессияның жұмысынан кейін еліміздің заң шығарушы және өкілді билік органдарының қалыптасуы мен дамуына елеулі үлес қосқан азаматтарды «Қазақстан Республикасы Парламентіне 30 жыл» мерекелік медалімен марапаттау рәсімі өтті.
Мерекелік медальмен Парламент депутаттары, әр жылдардағы облыстық және аудандық мәслихат депутаттары, мәслихат төрағалары мен аппарат қызметкерлері марапатталды.
Біздің ауданнан Бөкей ордасы аудандық мәслихат төрағасы Лариса Тельманқызы Қайырғалиева да марапат иесі болды.
Бұл марапат – ел игілігі жолындағы көп жылғы еңбектің, халықтың мұң-мұқтажын жеткізіп, азаматтардың мүддесін қорғаудағы табанды қызметтің лайықты бағасы.
Марапатыңыз құтты болсын – Лариса Тельманқызы!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bokeyorda-maslihat/press/news/details/1273118?lang=ru

Жауап қалдыру