Сарысу ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі қызметкерлері аудан тұрғындары арасында өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау және төтенше жағдайлардың алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Кездесу барысында тұрғындарға электр жабдықтарын дұрыс пайдалану, газ және жылыту құралдарын қауіпсіз қолдану, балаларды қараусыз қалдырмау қажеттігі түсіндірілді. Сонымен қатар, өрт болған жағдайда сабыр сақтап, дереу 101 немесе 112 нөмірлеріне хабарлау және адамдарды қауіпсіз жерге шығару тәртібі айтылды.
Жауап қалдыру