
Петропавл қаласында полицейлер қоғамдық қауіпсіздікті нығайтуға бағытталған кешенді профилактикалық жұмыстар жүргізді.
Жаңа оқу жылы қарсаңында кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алуға ерекше назар аударылды. Құқық қорғаушылар түнгі уақытта көшелерде жүрген 10 жасөспірімді анықтады. Олардың үшеуі 16 жасқа толмаған. Барлық ата-ана әкімшілік жауапкершілікке тартылып, олармен түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Айта кетейік, үш жағдайда ата-аналар жыл ішінде кәмелетке толмаған балаларының түнгі уақытта үйден тыс жүруіне қайта жол берген. Мұндай заң бұзушылықтар қайталанған отбасылармен профилактикалық жұмыс күшейтіледі.
Сонымен қатар полицейлер профилактикалық есепте тұрған 95 адамды тексерді. Сот шешімімен алкогольдік ішімдіктерді тұтынуға тыйым салынған екі петропавлдық мас күйінде болған. Олар мінез-құлыққа қойылған ерекше талаптарды бұзғаны үшін жауапкершілікке тартылды.
Рейд барысында полицейлер 90-нан астам құқық бұзушылықты анықтады. Олардың қатарында абаттандыру қағидаларын бұзу, қоғамдық орындарда алкоголь ішу, ұсақ бұзақылық және отбасылық жанжалдар бар. Дүкендердің бірінде кәмелетке толмаған адамға сыра сатылғаны анықталды.
Полицейлер атап өткендей, әрбір құқық бұзушылық қылмыс жасау тәуекелін арттырады. Профилактикалық жұмыс тұрақты түрде жүргізіледі. Оның басты мақсаты – қоғамдық қауіпсіздікті нығайту және «Заң мен Тәртіп» қағидаты аясында қылмыстардың алдын алу.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-sko/press/news/details/1273098?lang=ru

Жауап қалдыру