«Қауіпсіз жол»: Атырауда қарсы жолаққа шыққан жүргізушілер дрон арқылы анықталды

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Атырау облысында жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында заманауи технологиялардың мүмкіндігі кеңінен қолданылуда. Соның бірі – жол қозғалысына әуеден бақылау жүргізуге мүмкіндік беретін дрондар.
🚨 10 тамыз күні «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы кезінде Доссор–Құлсары–Бейнеу республикалық маңызы бар тасжолының 175-шақырымында дрон көмегімен жүргізілген бақылау барысында жол ережесін өрескел бұзған бірнеше жүргізуші анықталды. Hyundai Mufasa, Lada және Toyota Alphard маркалы автокөліктердің жүргізушілері тұтас сызықты кесіп өтіп, «Басып озуға тыйым салынады» белгісінің талабын бұза отырып, қарсы бағытқа шыққан. Олардың әрекеті дрон камерасына анық түсіп, құқық бұзушылық дерегі бейнетіркеу арқылы нақтыланды. Аталған жүргізушілерге қатысты қолданыстағы заңнамаға сәйкес тиісті әкімшілік шаралар қабылданды.
⚠️ Айта кетейік, жыл басынан бері дрондардың көмегімен жол қозғалысы ережелерін бұзудың 270-тен астам дерегі анықталды.
Жолдағы тәртіп – әуеден де бақылауда. Қауіпсіздікке қауіп төндіретін әрекет назардан тыс қалмайды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-atyrau/press/news/details/1273192?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді