
2026 жылғы 12 тамыз күні Қостанай облысы əкімдігінің Мәдениет басқармасының ұйымдастыруымен ашық онлайн энциклопедияны (Уикипедия) қазақ тіліндегі мақалалармен толықтыру мәселелері бойынша облыстық семинар өтті.
Іс-шараға өңірдің облыстық басқармалары, сондай-ақ мемлекеттік мекемелердің тіл саясатына жауапты өкілдері, қала және аудан әкімдіктерінің мамандары мен филолог-ғалымдар қатысты.
Семинар барысында қатысушыларға ақпараттық кеңістіктегі адалдық қағидаттары түсіндіріліп, қазақша Уикипедияның мүмкіндіктері мен талаптары таныстырылды. Сонымен қатар, Уикипедияға тіркелу, энциклопедиялық мақала жазу, ақпарат көздерін дұрыс пайдалану және мақалаларды өңдеу бойынша тәжірибелік жұмыстар жүргізілді.
Семинар спикері – Қазақша Уикипедия әкімшісі Рахым Манарбекұлы Сабиханов қатысушыларға мақала орналастырудың негізгі кезеңдерін тәжірибе жүзінде көрсетіп, сұрақтарға жауап берді.
Семинар барысында қатысушыларға Уикипедияның қазақ тіліндегі сегментінде мақалалар санын арттырумен қатар, олардың мазмұндық сапасына, дереккөздердің сенімділігіне және ақпараттың өзектілігіне ерекше мән беру қажеттігі атап өтілді. Сонымен қатар, мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың қызметіне қатысты маңызды ақпараттарды қазақ тілінде энциклопедиялық форматта жариялаудың маңыздылығы түсіндірілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/language/press/news/details/1273127?lang=ru

Жауап қалдыру