
Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы арасындағы екіжақты ынтымақтастық жөніндегі бірлескен үкіметаралық комиссияның 23-отырысының қорытындысы бойынша берілген тапсырмаларды іске асыру аясында екі елдің көлік ведомстволары өкілдерінің жұмыс кеңесі өтті.
Қазақстандық делегацияны Қазақстан Республикасы көлік вице-министрі Жәнібек Тайжанов, ал көрші елдің тарапын Өзбекстан Республикасы көлік министрінің бірінші орынбасары Маманбий Омаров басқарды.
Кездесу барысында тараптар теміржол көлігі және логистика саласында қол жеткізілген уағдаластықтардың орындалу барысын қарастырып, жүк тасымалы көлемін ұлғайту және екі мемлекеттің көлік байланысын нығайту жөніндегі шараларды талқылады.
Жиында қазақ-өзбек шекарасындағы теміржол инфрақұрылымының өткізу қабілетін арттыру, халықаралық көлік дәліздерін дамыту, терминалдық қуаттарды кеңейту және транзиттік жүк ағындарын ұлғайту үшін қосымша жағдайлар жасауға ерекше назар аударылды. Сондай-ақ Қытай – Қазақстан – Өзбекстан бағыты бойынша тасымалдау көлемін арттыру мәселесі де қарастырылды.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыру және Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы көлік-логистикалық ынтымақтастықты одан әрі дамыту бойынша бірлескен жұмысты жалғастыруға дайын екендерін атап өтті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/transport/press/news/details/1273157?lang=ru

Жауап қалдыру