
ҚҰРМЕТТІ ОТАНДАСТАР!
2026 жылғы 23 тамызда Прага уақыты бойынша сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін Қазақстан Республикасының Чех Республикасындағы Елшілігінің ғимаратында орналасқан №437 сайлау учаскесінде Қазақстан Республикасы Құрылтай депутаттарының сайлауы өтеді.
Егер Сіз дауыс беру күніне 18 жасқа толған, Қазақстан Республикасының азаматы болып, белсенді сайлау құқығына ие болсаңыз, Қазақстан Республикасы Құрылтай депутаттарының сайлауына қатысуға заңды құқығыңыз бар.
Дауыс беруге қатысуға конституциялық құқықты іске асырудың кепілі ретінде Сізді сайлаушылардың тізіміне енгізу болып табылады.
Қазақстан Республикасының Чех Республикасындағы Елшілігі жанындағы №437 сайлау учаскесіндегі дауыс беретін азаматтардың тізіміне болу елінде уақытша немесе тұрақты тұратын және қолданыстағы Қазақстан Республикасы азаматының паспорты бар барлық азаматтар енгізіледі.
ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТТАР!
Сіздерді дауыс беретін азаматтардың тізіміне енгізу үшін Чех Республикасындағы аумақтарындағы әрбір Қазақстан Республикасының азаматы өзіне қатысты деректерді (аты-жөні, ЖСН, туған жылы, тұратын мекенжайы, байланыс деректері, электрондық пошта мекенжайы) kazconsulprague@gmail.com электрондық поштасына «Құрылтай сайлауы» белгісімен алдын ала жіберу қажет.
Қосымша сұрақтарыңыз туындаған жағдайда №437 учаскесінің келесі телефон нөмірлеріне хабарласуды сұраймыз: +420 233 375 643
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-prague/press/news/details/1273294?lang=ru

Жауап қалдыру