
Мемлекет басшысы бастамашылық жасаған «Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының қабылдануына байланысты рақымшылық жасау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы шеңберінде мемлекеттің құқықтық саясатын ізгілендіру бойынша тиісті жұмыстар жүргізілді.
Шымкент қаласы бойынша мемлекеттік кірістер органдары рақымшылық жасау туралы заңның қолданылу аясына жататын тұлғаларға қатысты әкімшілік жазалардың орындалуын тоқтатып, әкімшілік айыппұлдарды есептен шығарды.
Нәтижесінде 993 әкімшілік іс бойынша жазаларды орындау тоқтатылды, ал есептен шығарылған айыппұлдар сомасы 81,7 млн теңгені құрады.
Бұл шара конституциялық реформаның практикалық нәтижелерінің біріне айналды және құқықтық салада әділ және ізгілікті тәсілді қолдануға бағытталған.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-shymkent/press/news/details/1272740?lang=ru

Жауап қалдыру