
ҚАЖ комитетінде Абай күні аталып өтті
10 тамыз – Абай күніне орай Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінде ұлы ақын, ойшыл Абай Құнанбайұлының шығармашылық мұрасы мен тағылымды ойларын насихаттауға арналған іс-шара өтті.
Іс-шараның негізгі мақсаты – Абайдың рухани мұрасын дәріптеу, оның адамгершілік, білім, еңбек және тәрбие туралы өсиеттерін қызметкерлер арасында кеңінен насихаттау.
Шара барысында Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылығы туралы баяндалып, ақынның өлеңдері мен қара сөздерінен үзінділер оқылды. Қатысушылар ұлы ойшылдың еңбектеріндегі білімге ұмтылу, еңбекқорлық, адалдық, жауапкершілік және адамгершілік қағидаларының маңызына тоқталды.
Абайдың «толық адам» ілімі мен оның жастарды білімге, ғылымға және ізгілікке үндейтін тағылымы қазіргі қоғам үшін де өзекті екені атап өтілді.
Қылмыстық-атқару жүйесінде мұндай рухани-танымдық іс-шараларды өткізудің маңызы зор. Себебі Абай мұрасы – тұлғаның рухани дамуына, оң құндылықтарды қалыптастыруға және қоғамға пайдалы азамат болуға бағыттайтын құнды тәрбие құралы.
Іс-шара соңында қатысушылар Абай шығармашылығының ұрпақ тәрбиесіндегі маңызын атап өтіп, ұлы ақынның мұрасын кеңінен насихаттау қажеттігін жеткізді.
Абай күні – ұлы ойшылдың рухани мұрасын жаңғыртып, оның тағылымды сөздерін бүгінгі ұрпаққа жеткізудің маңызды мүмкіндігі.
:::

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ps/press/news/details/1273143?lang=ru

Жауап қалдыру