
Сарыағаш ауданында Түркістан облыстық мәслихатының депутаттары тұрғындармен кездесіп, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты өзекті мәселелерді талқылады.
Кездесуге Түркістан облыстық мәслихатының депутаттары Алмас Салимов, Жомарт Әбдібаев, Қайрат Салыбек және Жәнібек Сүлейменов, аудандық мәслихат депутаттары, қала және ауылдық округ әкімдері, ауыл ақсақалдары, дербес бөлім және мекеме басшылары, ауданның белсенді азаматтары қатысты.
Кездесуді Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаев регламент талаптарына сәйкес жүргізді. Облыстық мәслихат депутаты Алмас Салимов 2025 жылы Түркістан облыстық мәслихаты атқарған жұмыстар туралы есебі тыңдалды.
Жиын барысында тұрғындар өздерін толғандырған мәселелерін ортаға салып, облыстық мәслихат депутаттарына және аудан әкіміне сауалдарын қойды. Тұрғындардың сауалдарына жауап беріліп, әрбір ұсыныс бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізілді. Сонымен қатар шешімін қажет ететін мәселелердің тиісті органдарға жолданып, олардың орындалу барысы бақылауда болатыны айтылды.
Айта кетсек, жиынның негізгі мақсаты – облыстық мәслихат депутаттарының атқарған жұмыстары туралы тұрғындарға ақпарат беру, халықтың ұсыныс-пікірлерін тыңдау және аудан аумағында шешімін қажет ететін мәселелерді талқылау
Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-saryagash/press/news/details/1272508?lang=ru

Жауап қалдыру