ТҮРКІСТАНДА 7 МЫҢНАН АСТАМ ЖАНКҮЙЕРДІҢ ҚАУІПСІЗДІГІ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТІЛДІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
 
Түркістан облысында «Қайрат» пен «Левски» командалары арасындағы футбол матчы кезінде қоғамдық тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша кешенді шаралар қабылданды.
«Арена» стадионына матчты тамашалауға 7 мыңнан астам көрермен жиналды. Қоғамдық тәртіпті сақтау және құқық бұзушылықтардың алдын алу үшін полиция қызметкерлері стадион аумағында және оған іргелес аумақта қызмет атқарды.
Сонымен қатар стадиондағы LED-экраннан жол қауіпсіздігін сақтауға бағытталған әлеуметтік бейнероликтер көрсетілді. Бұл арқылы көрермендерге жол қозғалысы ережелерін сақтау және қауіпсіздік талаптарын орындау жөнінде қосымша ақпарат берілді.
Полиция қызметкерлерінің тәулік бойы атқарған қызметі нәтижесінде қоғамдық тәртіп сақталып, құқық бұзушылықтар мен оқыс оқиғаларға жол берілген жоқ.
Полиция бұқаралық іс-шаралар кезінде азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және қоғамдық тәртіпті сақтауға бағытталған жұмысты тұрақты түрде жалғастырады.
Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-turkistan/press/news/details/1273270?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді