
ТҰРМЫСТЫҚ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚҚА ЖОЛ ЖОҚ!
Отбасы – әр адам үшін қауіпсіздік пен өзара құрметтің мекені болуы тиіс.
Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа жол бермеу – қоғамның ортақ міндеті. Күш көрсету, қорқыту, қорлау, психологиялық қысым көрсету және басқа да зорлық әрекеттеріне немқұрайлы қарауға болмайды.
Құрметті азаматтар!
Егер сіз немесе жақындарыңыз тұрмыстық зорлық-зомбылыққа тап болса, жағдайды жасырмай, тиісті мемлекеттік органдар мен құқық қорғау органдарына жүгініңіз.
Зорлық-зомбылықтың алдын алу үшін:
🔹 отбасында өзара сыйластық пен түсіністікті қалыптастырыңыз;
🔹 жанжалдарды күш қолданбай, бейбіт жолмен шешуге тырысыңыз;
🔹 зорлық-зомбылық белгілеріне бейжай қарамаңыз;
🔹 қиын жағдайға тап болған азаматтарға қолдау көрсетіңіз;
🔹 құқық бұзушылықтың алдын алу үшін тиісті органдарға дер кезінде хабарласыңыз.
Зорлық-зомбылыққа үнсіз қалмаңыз! Қауіпсіз отбасы – қауіпсіз қоғамның негізі.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-shet-nurataldy/press/news/details/1273040?lang=ru

Жауап қалдыру