
Жұмыс іздеп жүрсіз бе немесе еңбек жолыңызды бастағыңыз келе ме? Бос жұмыс орындары жәрмеңкесіне келіңіз!
2026 жылғы 14 тамыз
Keruen City сауда ойын-сауық орталығы, 3-қабат
20-ға жуық ұйым мен кәсіпорын
150-ден астам өзекті бос жұмыс орны
Жәрмеңкеде еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар бойынша бос жұмыс орындары ұсынылады.
Сіз:
жұмыс берушілермен тікелей кездесе аласыз;
сұхбаттасудан өте аласыз;
өзіңізге лайықты жұмыс орнын таба аласыз;
жұмысқа орналасу және мемлекеттік қолдау шаралары бойынша кеңес ала аласыз.
Жас мамандар мен оқу орындарының түлектеріне мамандығы бойынша алғашқы жұмыс тәжірибесін жинақтау үшін «Жастар практикасы» бағдарламасына қатысу мүмкіндігі ұсынылады.
Жұмыс табу және жұмыс берушімен тікелей кездесу мүмкіндігін жіберіп алмаңыз!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe/press/news/details/1272717?lang=ru

Жауап қалдыру