Жинақталмаған немесе бөлшектелген түрде өткізілетін тауарларды кедендік декларациялау: нені білу қажет?

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Абай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті «Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 190-бабына сәйкес жинақталмаған немесе бөлшектелген түрде, оның ішінде жинақталмаған немесе аяқталмаған түрде Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарларды кедендік декларациялау ерекшеліктері тауарларды ішкі тұтыну үшін шығару, экспорт, кеден қоймасы, еркін кеден аймағы, еркін қойма, реэкспорт және реимпорт кедендік рәсімдеріне орналастыру кезінде қолданылатынын хабарлайды.

Тауарларды сыныптау туралы шешім алынғаннан кейін және тауардың бірінші компонентіне қатысты тауарларға арналған декларация берілгенге дейін декларант кеден органына уәкілетті орган бекітетін нысан мен тәртіп бойынша тауар компоненттерінің жоспарланған жеткізілімдері туралы хабарламаны ұсынады.

Белгіленген кезең ішінде жекелеген компоненттер түрінде Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізілетін жинақталмаған немесе бөлшектелген түрде, оның ішінде жинақталмаған немесе аяқталмаған түрде өткізілетін тауар жинақталған немесе аяқталған түрдегі тауардың кодына сәйкес келетін СЭҚ ТН ЕАЭО коды көрсетіле отырып, мұндай тауардың компоненттеріне қатысты бірнеше тауарларға арналған декларация беру арқылы декларациялануы мүмкін.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-abay/press/news/details/1272565?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді