
2026 жылғы 12 тамызда «Автотұрақ орындарында жол жүрісі қағидаларын, көлік құралдарын басқару мәдениетін және қызметтік әдеп нормаларын сақтау» тақырыбында семинар өткізілді.
Іс-шараға басқарманың мемлекеттік қызметшілері қатысты.
Семинарға арнайы шақырылған спикер ретінде ерекше тапсырмалар жөніндегі инспектор, полиция майоры Молдашқалиев Серік Молдашқалиұлықатысты.
Семинар барысында қатысушыларға жол жүрісі қағидаларының негізгі талаптары, көлік құралдарын қауіпсіз әрі жауапкершілікпен басқару, сондай-ақ автотұрақ орындарында өзін ұстау тәртібі түсіндірілді.
Сонымен қатар автокөлікті тұраққа қою мәдениетін сақтау, жол қозғалысына қатысушылардың өзара құрмет көрсетуі және мемлекеттік органдардың әкімшілік ғимараттарына іргелес орналасқан автотұрақ орындарын пайдалану кезінде қызметтік әдеп нормаларын сақтау мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Серік Молдашқалиұлы жол жүрісі қағидаларын бұзудың жиі кездесетін түрлеріне, олар үшін көзделген жауапкершілікке және белгіленген талаптарды сақтауға жауапкершілікпен қараудың маңыздылығына тоқталды.
Семинар қорытындысы бойынша қатысушыларға жол жүрісі қағидаларын қатаң сақтау, жол қозғалысына қатысушыларға құрметпен қарау және қызметтік әдептің жоғары талаптарын ұстану ұсынылды.
Мұндай іс-шараларды өткізу мемлекеттік қызметшілердің құқықтық сауаттылығын арттыруға, жол жүрісі қағидаларын бұзудың алдын алуға және мемлекеттік қызметшілердің мінез-құлық мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-social/press/news/details/1273187?lang=ru

Жауап қалдыру