Аға буын өкілдеріне арналған киберқауіпсіздік: ШҚО-да «Құқықтық қамқорлық» акциясы басталды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Аға буын өкілдеріне арналған киберқауіпсіздік: ШҚО-да «Құқықтық қамқорлық» акциясы басталды

ШҚО ПД Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкері Нұрай Арыстанбек облыс прокуратурасымен бірлесіп, құқықтық сауаттылықты арттыруға және осал санаттағы азаматтарды қосымша қорғауға бағытталған «Құқықтық қамқорлық» профилактикалық акциясын өткізді.

Акция Өскемен қаласындағы Белсенді ұзақ өмір сүру орталығында басталды. Кездесу барысында зейнеткерлерге киберқылмыстардың негізгі түрлері мен тәсілдері, алаяқтықтың кең таралған схемалары және қаскөйлердің арбауына түспеу жолдары түсіндірілді.

Жеке деректердің сақталуына ерекше назар аударылды. Қатысушыларға банк карталарының деректерін, SMS арқылы келетін кодтарды және құжат мәліметтерін бөгде адамдарға беруге болмайтыны, сондай-ақ күмәнді сілтемелерге өтпеу және бейтаныс адамдардың өтініші бойынша қосымшаларды орнатпау қажеттігі түсіндірілді.

Сонымен қатар, азаматтарға практикалық көмек көрсетіліп, интернеттегі қауіпсіздікке қатысты сұрақтарына жауап берілді.

Аталған акция әлі жалғасатын болады. Оның негізгі мақсаты — азаматтардың хабардарлығын арттыру, ықтимал қауіптерді дер кезінде анықтап, алаяқтардың құрбаны болудан сақтап қалу.

 

ШҚО ПД баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-vko/press/news/details/1273478?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді