
Қабылдау барысында аудан тұрғындарынан 8 өтініш келіп түсті. Азаматтар өздерін толғандырған мәселелерін айтып, оларды шешу бойынша нақты көмек пен қолдау көрсетуді сұрады.
Өтініштердің басым бөлігі жер қатынастарына, ойын алаңын салу үшін жер учаскесін бөлуге, тұрғын үй алу кезегіне тұруға, сондай-ақ тұрғын үйді қайта жаңғырту мәселелеріне қатысты болды.
Барлық мәселелер мұқият тыңдалып, әрбір өтініш бойынша қолданыстағы заңнама аясында түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Жауапты мекемелердің басшыларына азаматтарға көмек көрсету бойынша тиісті тапсырмалар берілді.
А.Шүйіншәлиев тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсарту өңірдегі басым бағыттардың бірі екенін атап өтіп, туындаған мәселелерді шешу бойынша жұмыстар тұрақты түрде жалғасатынын айтты. Сондай-ақ тұрғындармен ашық диалог орнатудың маңыздылығына тоқталып, аудан тұрғындарын аудан өміріне белсенді қатысуға, өз сұрақтары мен ұсыныстарын аудан әкімдігіне жолдауға шақырды.
Еске салайық, аудан әкімінің жеке қабылдауына жазылуды аудан әкімі аппаратының ұйымдастыру жұмысы, құжаттамалық қамтамасыз ету және бақылау бөлімі жүзеге асырады. Байланыс телефоны: 8 (71337) 4-11-11.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-alga-tamdy/press/news/details/1273876?lang=ru

Жауап қалдыру