
Кездесу барысында Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексінің негізгі талаптары, қызметтік міндеттерді орындау кезінде адалдық, ашықтық, бейтараптық және жауапкершілік қағидаттарын сақтау мәселелері қарастырылды.
Сондай-ақ сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының алдын алу, мүдделер қақтығысына жол бермеу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді сақтау және мемлекеттік органдарда сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілік мәдениетін қалыптастыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Ж.А. Асқарова әдеп нормалары мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама талаптарын қатаң сақтау мемлекеттік қызметке деген азаматтардың сенімін арттырудың және мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін қамтамасыз етудің маңызды шарты екенін атап өтті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-altai/press/news/details/1272936?lang=ru

Жауап қалдыру