Алты баланың әлдиі мен ел алдындағы ант: көпбалалы полицейге “Күміс алқа” табысталды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

     Павлодарда полиция қызметкері “Күміс алқа” иегері атанды.

     Құрметті мемлекеттік марапат — “Күміс алқа” төсбелгісін полиция майоры Әсел Аубакироваға Павлодар облысы полиция департаментінің бастығы Василий Скляр табыстады.

     Қазақстанда әйел полицейлер құқық қорғау саласындағы жауапты қызметін ана болу міндетімен қатар алып жүр. Офицер Әсел Аубакирова — соның жарқын үлгісі. ІІО-да 22 жылдан бері қызмет етіп келеді. Ол алты баланы тәрбиелеп отыр. Үлкен ұлы 15 жаста болса, кенже ұлы Исмаил небәрі 1,5 жаста.

— Ана — ұлттың тірегі, отбасының берекесі. Сіз тәуелсіз Қазақстанның болашақ ұрпағын тәрбиелеп, ұл-қыздарыңыздың және бүкіл елдің игілігі үшін еңбек етіп келесіз. Балаларыңыз сіздің үмітіңізді ақтап, елге лайықты азамат болып өсіп, Отанымыздың мақтанышына айналсын, — деді полиция департаментінің бастығы.

— Мен өз жұмысымды өте жақсы көремін әрі бағалаймын. Штабтағы қызмет оңай емес. Мұнда аналитикалық ойлау, бастамашылдық, объективтілік пен бейтараптық, мәселенің мәніне терең үңілу және жедел жағдайдағы кез келген өзгеріске дер кезінде әрекет ету қабілеті қажет.

Бүгін осындай құрметті марапатқа ие болғаныма өте қуаныштымын. Көпбалалы ана болу және сонымен қатар полицияда қызмет ету — бүкіл отбасымның еңбегі. Жұбайымның, ата-әжелеріміздің қолдауы мен түсіністігі болмаса, үйде де, қызметте де бәріне үлгеру қиын болар еді, — дейді Әсел Аубакирова.

     Әсел Аубакирова секілді қызметкерлер қазақстандық полицияның жаңа бейнесін қалыптастырып келеді. Олар – қызметіне адал, қайсар әрі отбасы құндылықтарын берік ұстанатын жандар.

     Майордың кителіндегі “Күміс алқа” — оның ана ретіндегі еңбегі мен қызметтегі табысының жарқын белгісі.

     Павлодар облысы полициясының басшылығы мен жеке құрамы әріптестері Әсел Аубакировамен мақтанатынын айтып, оның көпбалалы отбасына зор денсаулық, бейбітшілік пен амандық тіледі.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/qriim/press/news/details/1273421?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді