Астанада Ш. Айтматов көшесі жөндеу жұмысына байланысты ішінара жабылады

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Астанада Ш. Айтматов көшесінің Ұлы Дала даңғылынан Сығанақ көшесіне дейінгі аралығындағы төсемінің жоғарғы қабатын салу жұмысы жүргізіледі, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Осыған байланысты, 12-24 тамыз аралығында аталған учаскедегі қозғалыс ішінара жабылатын болады. Бұл ретте көлік қозғалысы жолдың бір жағымен ұйымдастырылады.

Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер жүру бағытын алдын ала жоспарлап, өзгерістерді ескеруі қажет. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықтарды азайту мақсатында уақытша жол белгілері мен бағыттаушы көрсеткіштер орнатылады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/1273464?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді