Аудандық мәслихаттың кезектен тыс алпыс сегізінші сессиясы

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Бүгін аудандық мәслихаттың кезектен тыс алпыс сегізінші сессиясы өтті, оны Қордай аудандық мәслихат төрағасының міндетін атқарушы Қарлығаш Қанатбекқызы Қыпшақбаева өткізді, оның жұмысына депутаттардан басқа аудан әкімінің орынбасары Нұрболат Ақынғалиұлы Сатымқұл, аудан әкімдігінің бөлім басшылары және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілі қатысты.

Депутаттар «2026-2028 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» Қордай аудандық  мәслихатының 2025 жылғы 22 желтоқсандағы №55-6 шешіміне өзгерістер енгізу туралы» мәселені қарады, ол бойынша экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы Светлана Жамалбайқызы Абдужалиева егжей-тегжейлі баяндама жасады. Жан-жақты талқылаудан кейін депутаттар тиісті шешімдер қабылдады.

Бұдан басқа, «Бірлескен «Жамбыл облысы Қордай ауданы елді мекендерінің шекараларын (шектерін) белгілеу туралы » Қордай ауданы әкімдігінің 2026 жылғы 15 шілдедегі №300 қаулысының және Қордай аудандық мәслихатының 2026 жылғы 15 шілдедегі №67-2 шешімінің күшін жою туралы», «Аудандық аумақтық сайлау комиссиясының хабарламасы туралы» және  «Аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларының  құрамы туралы және олардың төрағалары мен мүшелерін сайлау туралы» Қордай аудандық мәслихатының 2024 жылғы 30 желтоқсандағы №39-7  шешіміне өзгерістер енгізу туралы» мәселелері қаралып, шешімдер қабылданды. 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-korday/press/news/details/1273926?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді