
2026 жылғы 11-13 тамыз аралығында Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Әкімшілік полиция комитетінің Threads платформасындағы ресми парақшасында «Бізден сұраңыз. Біз жаныңыздамыз» атты онлайн-акция өткізілуде.
Бүгінде отбасындағы зорлық-зомбылықтың кез келген түріне заңмен тыйым салынған. Отбасы – қоғамның негізі, ал берік әрі тату отбасы – мемлекеттің тұрақтылығы мен әл-ауқатының маңызды тірегі.
Онлайн-акция – азаматтар мен полиция қызметкерлері арасында ашық пікір алмасуға мүмкіндік беретін алаң. Азаматтар отбасындағы зорлық-зомбылыққа тап болған жағдайда немесе осындай жағдайдың куәсі болса, өз сұрақтарын қойып, ұсыныс-пікірлерін қалдыра алады.
Барлық өтініштер міндетті түрде қаралады. Отбасылық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес бөлімшелерінің қызметкерлері азаматтарға қажетті кеңес беріп, құқықтық және практикалық көмек көрсетеді.
Қажет болған жағдайда полиция қызметкерлері көрсетілген мекенжайға барып, тиісті көмек ұйымдастырады.
Онлайн-акция барлық азаматтар үшін ашық.
Зорлық-зомбылыққа жол бермеу – баршамызға ортақ міндет. Қиын жағдайда үнсіз қалмаңыз, көмек сұраңыз.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-mangystau/press/news/details/1273657?lang=ru

Жауап қалдыру