
Бекітілген кестеге сәйкес Целиноград ауданының әкімі Дарын Сабырғали азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.
Қабылдау барысында Ақмол ауылы және Астана қаласының тұрғындары су мәселесі, зиратты қоршау, сондай-ақ «Ақылды қала» (Smart City) жүйесінің жұмысы мен қаланы басқару тұжырымдамасын іске асыруға қатысты мәселелерін көтерді.
Әрбір өтініш бойынша азаматтарға Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы аясында түсіндірме берілді. Қабылдау қорытындысы бойынша тиісті бөлім басшыларына көтерілген мәселелерді қосымша пысықтау жөнінде нақты тапсырмалар берілді. Тапсырмалардың орындалуы бақылауға алынды.
Азаматтарды жеке қабылдау — тұрғындардың өздерін толғандырған мәселелер бойынша тікелей байланыс орнатып, жедел әрекет етуге және нақты шешімдерді бірлесіп іздеуге мүмкіндік беретін маңызды кері байланыс құралы.
Аудан әкіміне жеке қабылдауға жазылу үшін:
8 (71651) 30-509 телефонына хабарласуға болады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-selinograd/press/news/details/1273264?lang=ru

Жауап қалдыру