
2026 жылғы 15 шілдеде шпурларды бұрғылау жұмыстарын жүргізу барысында тау жынысының бір бөлігі опырылып, соның салдарынан «Қазхром» ТҰК» АҚ-ның ДГОК филиалының жұмыскері жарақат алды. Медициналық қорытындыға сәйкес, жарақат ауыр санатқа жатқызылды.
Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің департаменті басшысының бұйрығы негізінде арнайы комиссия құрылып, оның төрағасы болып Департаменттің қауіпсіздік және еңбекті қорғауды бақылау бөлімінің басшысы Қ.Ж. Камиев тағайындалды. Комиссия құрамына Ақтөбе облысы бойынша ҚР ТЖМ ДКПБ өкілі Ш.Ж. Ақылбеков те кірді.
Комиссия оқиға болған жерге қарап-тексеру жүргізіп, ұсынылған құжаттарды зерделеді, сондай-ақ оқиғаның куәгерлері мен жауапты тұлғалардан түсініктемелер алды.
Сонымен қатар, Департамент бөлімінің басшысы Қ.Ж. Камиев «Қазхром» ТҰК» АҚ-ның ДГОК филиалының басшылық құрамымен Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына енгізілген өзгерістер бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Кездесу барысында еңбек заңнамасының негізгі өзгерістері мен талаптары түсіндіріліп, тау-кен жұмыстарын жүргізу кезінде еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарын қатаң сақтау қажеттігіне ерекше назар аударылды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-inspection/press/news/details/1273062?lang=ru

Жауап қалдыру