
2026 жылғы 13 тамызда Департамент басшысының орынбасары Л.Е. Сартымбетова Астана қаласы Коммуникациялар қызметінің Facebook әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасында тікелей эфир форматында «Кәсіби еңбекке қабілеттіліктен айырылу дәрежесі, қандай жағдайларда қайта куәландыру тағайындалады» тақырыбында онлайн-баспасөз конференциясын өткізді.
Брифинг барысында Л.Е. Сартымбетова кәсіби еңбекке қабілеттіліктен айырылу дәрежесін белгілеуге, медициналық-әлеуметтік сараптамадан (МӘС) өткізу негіздеріне, азаматтарды куәландыру және қайта куәландыру тәртібіне қатысты негізгі мәселелерді түсіндірді.
Кәсіби еңбекке қабілеттіліктен айырылу дәрежесін белгілеу критерийлеріне, сондай-ақ куәландырудан өту үшін қажетті құжаттарға, азаматтарды медициналық-әлеуметтік сараптамаға жолдау тәртібіне және тиісті шешім қабылдауға ерекше назар аударылды.
Сонымен қатар брифингке қатысушыларға қайта куәландыру тәртібі, оның ішінде кәсіби еңбекке қабілеттіліктен айырылу дәрежесін одан әрі айқындау үшін қайта куәландыру жүргізілетін жағдайлар түсіндірілді.
Бұдан бөлек, азаматтардың құқықтарын қорғау және медициналық-әлеуметтік сараптама шешімімен келіспеген жағдайда оған шағымдану тәртібіне қатысты мәселелер қаралды.
Брифинг соңында Л.Е. Сартымбетова бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің сұрақтарына жауап беріп, азаматтар тарапынан жиі қойылатын өзекті сұрақтарға түсініктеме берді.
Тікелей эфир Астана қаласы Коммуникациялар қызметінің ресми Facebook парақшасында өткізілді: https://www.facebook.com/rsk.astana01?utm_source=ig&utm_medium=social&utm_content=link_in_bio

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek-astana/press/news/details/1273831?lang=ru

Жауап қалдыру