«Конфессияаралық келісім – қоғам тұрақтылығы мен бірлігінің негізі»

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026 жылғы 9 тамызда Конфессияаралық қатынастарды талдау және дамыту орталығының психологы С. Молжігітов Дене шынықтыру және спорт басқармасының мемлекеттік қызметшілерімен кездесу өткізді.

Іс-шараның мақсаты – мемлекеттік қызметшілердің діни сауаттылық деңгейін арттыру, зайырлы мемлекет қағидаттарын тұрақты түсінуді қалыптастыру, сондай-ақ Қазақстан Республикасының діни қызмет және мемлекет пен діни бірлестіктер арасындағы қатынастар саласындағы заңнамасы бойынша білімдерін жетілдіру.

Кездесу барысында қатысушыларға Қазақстан Республикасының дін саласындағы заңнамасының негізгі ережелері, зайырлылық қағидаттарын сақтау, діни саналуандылықты құрметтеу, сондай-ақ әртүрлі дүниетанымдық ұстанымдағы азаматтарға құрметпен қарау мәселелері түсіндірілді.

Мемлекеттің конфессияаралық бейбітшілік пен келісімді қамтамасыз етудегі, қоғамдық тұрақтылықты сақтаудағы рөліне, сондай-ақ діни мәселелерге қатысты ақпаратты алуға жауапкершілікпен қараудың маңыздылығына ерекше назар аударылды.

Кездесуге қатысушылар белсенділік танытып, өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, пікірлерін білдірді және жан-жақты жауаптар алды.

Осындай ашық диалогтарды өткізу құқықтық мәдениетті нығайтуға, сыни ойлау қабілетін дамытуға және ақпарат көздерін, әсіресе діни білім саласындағы ақпарат көздерін таңдауға саналы түрде қарауды қалыптастыруға ықпал етеді. Сонымен қатар мұндай іс-шаралар қоғамдық келісімді нығайтуға өз үлесін қосады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko-udr/press/news/details/1273750?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді