Ағымдағы жылдың 24 шілдесінде Департаменттің әдеп жөніндегі уәкілі Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаменті ұйымдастырған мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің туындау мәселелері бойынша бейнеконференция форматында өткен кеңеске қатысты.
Кеңес барысында спикерлер сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың сақталуы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтің қызметі, мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасы мен қолжетімділігін қамтамасыз ету және өзге де өзекті мәселелер бойынша баяндамалар жасады.
Кездесуге қатысушылар квазимемлекеттік сектор субъектілеріндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтердің қызметі, мемлекеттік қызмет туралы заңнамадағы жаңашылдықтар, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы бұзғаны үшін лауазымды тұлғалардың жауапкершілік мәселелері бойынша түсіндірмелер алды.
Кеңес барысында мемлекеттік қызметшілер арасында, оның ішінде мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде туындайтын сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу бойынша профилактикалық жұмыстарды күшейтуге, сондай-ақ мемлекеттік органдарда сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу қажеттігіне ерекше назар аударылды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/control-kostanay/press/news/details/1272927?lang=ru

Жауап қалдыру