
Мұнайлы ауданының аумағында алкоголь өнімдерінің заңсыз айналымының алдын алуға бағытталған профилактикалық іс-шара барысында алкоголь өнімдерін сатуға тиісті лицензиясы жоқ жеке кәсіпкердің заң талаптарын бұза отырып сауда жүргізгені анықталды.
Тексеру кезінде кәсіпкердің алкоголь өнімдерін белгіленбеген уақытта, яғни заңнамада белгіленген талаптарды сақтамай сатқандығы белгілі болды.
Полиция қызметкерлері сауда нысанына тексеру жүргізіп, заңсыз сатылған алкоголь өнімдерін анықтап, белгіленген тәртіппен тәркіледі.
Аталған факті бойынша қажетті құжаттар жинақталып, заңды шешім қабылдау үшін аудандық сотқа жолданды.
Полиция алкоголь өнімдерін бөлшек саудада өткізу кезінде заңнама талаптарын қатаң сақтаудың маңыздылығын ескертеді. Тиісті лицензиясыз алкоголь өнімдерін сату, сондай-ақ оны белгіленбеген уақытта өткізу заң талаптарын бұзу болып табылады және қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауапкершілікке әкеп соғады.
Құқық қорғау органдары тарапынан алкоголь өнімдерінің заңсыз айналымын анықтау және оның жолын кесу бойынша профилактикалық және рейдтік іс-шаралар тұрақты түрде жүргізілуде.
Полиция азаматтар мен кәсіпкерлік субъектілерін қолданыстағы заңнама талаптарын сақтауға шақырады.
https://www.instagram.com/reel/Db7IE8dqgV4/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-mangystau/press/news/details/1273002?lang=ru

Жауап қалдыру