Қазақстан трансплантацияның заманауи жүйесін дамып келеді.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қазақстанда ағза донорлығы мен трансплантация жүйесі мемлекеттік органдардың өзара тиімді ықпалдастығына негізделген. Бұл жұмысты ҚР ДСМ Трансплантаттау және жоғары технологиялық медициналық қызметтерді үйлестіру жөніндегі республикалық орталығы үйлестіреді. Бұл туралы ОКҚ алаңында оның директоры Айдар Ситқазинов мәлімдеді.
«Бұл процеске өңірлерде орналасқан 40-тан астам донорлық ұйым тартылған. Біздің стационарлық үйлестірушілер де сол жерде орналасқан және жұмыс істейді. 5 HLA зертханалары донор-реципиент жұбын таңдау кезінде талдау жүргізу үшін қан орталықтарында орналасқан. 11 трансплантаттау орталығы бар – былтырдан бері олардың саны 9-дан 11-ге дейін өсті», – деді спикер.
Оның айтуынша, трансплантаттау қызметінің нәтижелері жақсарып келеді. Біртіндеп өсу байқалды – 2025 жылы қайтыс болғаннан кейінгі донордан 68 трансплантаттау жасалды.
«Тірі донорлардан жасалатын трансплантаттау саны жылдан жылға артып келеді. 2025 жылы 242 туыстық трансплантаттау орындалды. 2026 жылы 6 айдың қорытындысы бойынша қайтыс болғаннан кейін 8 донор тіркелді және 30 трансплантатау және тірі донорлардың қатысуымен 121 трансплантаттау жасалды», – деді Айдар Ситказинов.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-shet-kiikti/press/news/details/1273385?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді