Шымкентте стример жауапкершілікке тартылды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Шымкент қаласында полиция қызметкерлері TikTok әлеуметтік желісіндегі «Moldirmonika94» аккаунты арқылы тікелей эфирлер жүргізген 32 жастағы жергілікті тұрғын Мөлдір Елікбаеваны анықтады.

Тексеру барысында әйелдің тікелей эфир кезінде құқыққа қайшы мазмұндағы материалдар жариялағаны, сондай-ақ көрермендерден ақша аударуды сұрағаны анықталды. Қаражатты аудару үшін басқа тұлғаға тиесілі телефон нөмірі пайдаланылған.

Жүргізілген тексеру нәтижесінде Мөлдір Елікбаева әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оған айыппұл түріндегі әкімшілік жаза қолданылды.

Полиция азаматтарға әлеуметтік желідегі жариялылық жауапкершіліктен босатпайтынын ескертеді. Тікелей эфир барысында жасалған құқыққа қайшы әрекеттердің барлығына заңнамаға сәйкес құқықтық баға беріледі.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-shymkent/press/news/details/1272991?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді