Тегін құқытық кеңес

Жарияланды:

Автор:

категорияда

⚖️ Алматы облысының «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ-нің «Отбасын қолдау орталықтары» КММ-де тұрғындарға тегін заң көмегін көрсету бойынша іс-шаралар ұйымдастырылады.

Іс-шаралар барысында азаматтарға құқықтық мәселелер бойынша кеңестер беріліп, атқарушылық іс жүргізу, берешекті өндіріп алу, сондай-ақ азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға қатысты мәселелер және нотариаттық құжаттарды рәсімдеу бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізіледі.

Тұрғындарға білікті құқықтық көмек көрсетуге жеке сот орындаушылары, авдокаттар, заң кеңесшілері және нотариустар қатысады. Мамандар азаматтардың сауалдарына жауап беріп, қолданыстағы заңнама талаптарын түсіндіреді.

📍 Іс-шараның өткізілетін орны мен уақыты туралы толық ақпаратты бейнематериалдан көре аласыздар.

Барша азаматтарды өздерінің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға қатысты мәселелер бойынша тегін құқықтық көмек алуға шақырамыз.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-alm/press/news/details/1273262?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді