
🔹 ҚР Адам құқықтары жөніндегі Уәкілдің Ұлытау облысы бойынша өкілі А.Б. Каримов сараптама кеңес мүшесімен жұмыс жоспарына сәйкес «Ұлытау ауданының отбасын қолдау орталығы» КММ-не барды.
Сапар барысында Орталықтың қызметімен, отбасыларға көрсетілетін әлеуметтік және құқықтық қолдау бағыттарымен танысып, азаматтардың құқықтарын қорғау, отбасы институтын нығайту және әлеуметтік осал санаттағы азаматтарға қолдау көрсету мәселелері талқыланды.
Кездесу барысында азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз етуге бағытталған өзара іс-қимылдың маңыздылығы атап өтілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ombudsman-ulytau-oblysy/press/news/details/1273357?lang=ru

Жауап қалдыру