Жария тыңдаулар өткізу туралы

Жарияланды:

Автор:

категорияда

«Қазақстандық стандарттау және метрология институты» республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – «КазСтандарт» РМК) мемлекеттік монополия субъектісі ретінде “КазСтандарт” РМК өндіретін және өткізетін тауарларға (жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге) бағалар жобасын қарау бойынша Жария тыңдаулар өткізілетіні туралы хабарлайды.

Жария тыңдаулар Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 15 наурыздағы № 134 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік монополия субъектісі өндіретін және өткізетін тауарларға, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге баға белгілеу қағидаларына сәйкес өткізіледі.

Өтетін күні: 2026 жылғы  2 қыркүйек. Уақыты: 10. 00 сағат. Өтетін орны: Астана қ., Маңгілік Ел к-сі, 8/2, «Алтын Орда» БО, 1 қабат, (акт залы).

Жария тыңдауларға қатысуға тұтынушылар, уәкілетті мемлекеттік органдардың, монополияға қарсы органның, қоғамдық бірлестіктердің, Қазақстан Республикасының «Атамекен» Ұлттық Кәсіпкерлер палатасының өкілдері, тәуелсіз сарапшылар, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, сондай-ақ өзге де мүдделі тұлғалар шақырылады.

Жария тыңдауларға қатысу үшін қатысушы туралы ақпаратты жіберуді сұраймыз (Ф.О., лауазымы, Ұйымның атауы, Байланыс телефоны,электрондық пошта мекенжайы) 2026 жылғы 19  тамызға дейін: Астана қ., Маңгілік Ел к-сі, 8/2, «Алтын Орда» БО не электрондық поштаға: s.sergaliyeva@ksm.kz, info@ksm.kz Байланыс тұлғасы: Асылбек Е.Р. 795922 (87712829174), Сергалиева С.А. 795947 (87711009595), Сыздықова Г.Б. (795917).

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti-ktrm/press/news/details/1273360?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді