
Үштөбе қаласында полиция қызметкерлері
тұрғындарға қауіпсіздік ережелерін ерекше форматта жақсы көңіл-күй мен қарапайым қамқорлық арқылы еске салды.
Жол бойында жүргізушілерге арнайы жапсырмалары бар кофе ұсынылды. Жапсырмаларда жол қозғалысы ережелерін сақтау туралы қысқа әрі маңызды ескертулер жазылған. Полицейлер жүргізушілерге асықпау, жылдамдық режимін сақтау, қауіпсіздік белдігін тағу және жолдағы әрбір әрекетке жауапкершілікпен қарау қажеттігін еске салды.
Ал қалалық саябақта акцияның басты қатысушылары балалар болды. Оларға қауіпсіздік туралы профилактикалық жазулары бар балмұздақтар таратылды. Балалар қаптамадағы жазуларды қызығушылықпен оқып, полиция қызметкерлерінен жолда және қоғамдық орындарда өзін қауіпсіз ұстау жөнінде пайдалы кеңестер алды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-karatal-eltai/press/news/details/1273859?lang=ru

Жауап қалдыру