
«112 Шымкент» бағдарламасы – Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметі, өрт сөндірушілер мен құтқарушылардың ерлігі, сондай-ақ төтенше жағдайлардың алдын алу және жою бағытындағы жұмыстарды кеңінен насихаттайтын арнайы жоба.
Бағдарламаның бүгінгі арнайы репортажы мемлекеттік өрт бақылау қызметкерлерінің күнделікті қызметіне арналды.
Репортаждың басты кейіпкері – Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаменті ұйымдастырған «Үздік мемлекеттік өрт бақылау қызметкері» байқауында жеңімпаз атанып, республикалық кезеңге жолдама алған Қаратау ауданы Төтенше жағдайлар басқармасының бас маманы, азаматтық қорғау капитаны Дарын Айтмұратов.
Түсірілім барысында мемлекеттік өрт бақылау қызметкерлерінің негізгі міндеттері мен күнделікті атқаратын жұмыстары кеңінен көрсетілді. Атап айтқанда, нысандардың өрт қауіпсіздігі талаптарына сәйкестігін тексеру тәртібі, өрт дабылы жүйесінің жарамдылығы, эвакуациялық шығу жолдарының талапқа сай болуы, өрт сөндіргіштердің жағдайы және ішкі өртке қарсы су жүйесінің жұмысқа дайындығы көрсетіліп, қауіпсіздік ережелері түсіндірілді.
Арнайы сюжет арқылы мемлекеттік өрт бақылау қызметінің маңыздылығы, өрт қауіпсіздігі талаптарының сақталуын қамтамасыз етудегі мамандардың жауапкершілігі және төтенше жағдайлардың алдын алудағы рөлі кеңінен насихатталды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-shymkent/press/news/details/1274005?lang=ru

Жауап қалдыру