14 тамыз – Қазақстан Республикасы мемлекеттік кірістер органдарының құрылған күні

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Мемлекеттік кірістер органдары-республикамыздың мемлекеттік бюджетін толықтыруды қамтамасыз ететін мекеме.

Оның тиімді қызметі – республикамыздың экономикасы мен әлеуметтік саласының одан әрі дамуы, қазақстандықтардың өмір сапасы мен деңгейін айқындайды.

Жиналған салықтан түскен қаражат мектептер мен ауруханалар салу, жолдарды жөндеу және салу, әлеуметтік нысандар мен тұрғын үйлер салу сияқты қоғамдық игіліктерді жасауға жұмсалады. Ақмола облыстық мемлекеттік кірістер органдарының қызметкерлері де бұл мақсатты орындауға өздерінің үлестерін қосуда.  Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері  мерекені жақсы көрсеткіштермен қарсы алды.

Салық және кедендік әкімшілендіруді жетілдіру мен цифрландыру және жаңа тәсілдер белгілі нәтижесінде ағымдағы жылдың 7 айында мемлекеттік бюджетке 453 млрд теңге түсті.   Жыл басынан бастап 261  мың  мемлекеттік қызметтер көрсетілді, оның ішінде 99,9 пайызы электронды түрде көрсетілгені атап өткен жөн.

Мұның барлығы мемлекеттік кірістер департаменті мамандарының еселі еңбегінің нәтижесі.

Кәсіби мереке қарсаңында Мемлекеттік кірістер органдарының қызметкерлері мен ардагерлері  медальдармен және Алғыс хаттарымен марапатталды.Өзінің қызметтік міндеттерін үлгілі орындағаны үшін және Қазақстан Республикасы мемлекеттік кірістер органдарының құрылғанына байланысты «Мемлекеттік кірістер органдарының үздігі» төс белгісімен Біржан Сал ауданы бойынша МКБ басшысы Ағыбай Мустахов, Бурабай ауданы бойынша  МКБ бөлім басшысы Бибігүл Жүсіпбекова, Қаржы басқармасының бөлім басшысы Нурия Жармұханбетова, Аршалы бойынша МКБ бөлім басшысы Елена Повисок, Камералдық мониторинг басқармасының бас маманы  Гүлнара Теміржанова марапатталады.Қызметтік міндеттерін үлгілі атқарғаны, сондай-ақ жұмысында қол жеткізген жоғары нәтижелері үшін бірқатар қызметкерлер облыс әкімінің Алғыс хаттарымен және Комитет пен Мемлекеттік кірістер департаментінің Құрмет грамоталарымен марапатталды. Департамент қызметкерлерінің бірқатар ата-анасына Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының атынан алғыс хаттар табысталды.

Мемлекеттік кірістер органдары қызметкерлерінің жауапкершілігі, кәсібилігі, шынайы азаматтық ұстанымы Ел Президенті белгілеген барлық міндеттерді орындауға мүмкіндік береді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-akmola/press/news/details/1274470?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді