2026 жылғы 4 тамызда Жезқазған байыту фабрикасында қауіпсіз еңбек жағдайларын жасау мәселелері бойынша кездесу өткізілді.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Іс-шараға Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Ұлытау облысы бойынша департаменті, Жезқазған қаласы прокуратурасы, Жезқазған қаласы Төтенше жағдайлар басқармасы және Жезқазған қаласы Ішкі саясат бөлімі қкілдері қатысты.

Кездесу барысында «Жұмыс берушінің қауіпсіз еңбек жағдайларын жасау жөніндегі міндеттері» тақырыбына, еңбек заңнамасы, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарының сақталуына ерекше назар аударылды.

Қызметкерлерге жұмыс берушінің қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету, оқыту мен нұсқамалар өткізу, жеке және ұжымдық қорғаныш құралдарымен қамтамасыз ету, жабдықтарды қауіпсіз пайдалану, өндірістік тәуекелдердің алдын алу және қызметкерлердің өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін жағдайларға жол бермеу жөніндегі міндеттері түсіндірілді.

Сонымен қатар, еңбек және демалыс режимін сақтау, жалақыны уақтылы төлеу, зиянды және (немесе) қауіпті еңбек жағдайларында жұмыс істейтін қызметкерлерге заңнамада көзделген кепілдіктер мен өтемақыларды ұсыну мәселелері қаралды.

Прокуратура және төтенше жағдайлар органдарының өкілдері заңнама талаптарын сақтау, құқық бұзушылықтардың, өндірістік жарақаттанудың және төтенше жағдайлардың алдын алу қажеттігіне назар аударды.

Кездесу қорытындысы бойынша қызметкерлерге тиісті түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, жұмыс берушіге еңбек заңнамасы, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарының сақталуын қамтамасыз ету бойынша жұмысты жалғастыру ұсынылды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ulytau-enbek/press/news/details/1274289?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді