
Өскемен қалалық мәслихатында қала әкімінің қатысуымен кезектен тыс сессия өтті. Күн тәртібіндегі негізгі мәселелердің бірі тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, әлеуметтік инфрақұрылым және тұрғын үй қоры объектілерінің алдағы жылыту маусымына дайындығының барысын қарау болды.
Жылыту маусымына дайындық жұмыстарының барысы туралы Өскемен ЖЭО, Согра ЖЭО және «Шығыс Жылу» АҚ (Өскемен жылу желілері) басшылары баяндама жасады. Сондай-ақ Шығыс Қазақстан облысы Денсаулық сақтау басқармасының, қаланың тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, тұрғын үй қатынастары, мәдениет, білім беру, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері басшылығының өкілдері тыңдалды.
Жылыту және инженерлік инфрақұрылым объектілерін белгіленген мерзімде дайындауды аяқтауға, көппәтерлі тұрғын үйлердің дайындығына бақылауды күшейтуге, дайындығы төмен кондоминиум объектілерін басқару органдарымен атаулы жұмысты ұйымдастыруға, сондай-ақ білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет және әлеуметтік қорғау нысандарын орталықтандырылған жылумен жабдықтау жүйесіне уақтылы қосуды қамтамасыз етуге ерекше назар аударылды.
Депутаттар жылыту маусымы кезеңінде төтенше және авариялық жағдайлардың алдын алу, сондай-ақ қала тұрғындарын үздіксіз жылумен қамтамасыз ету үшін барлық қажетті шараларды қабылдаудың маңыздылығын атап өтті.
Қабылданған ұсынымдардың орындалу барысы Өскемен қалалық мәслихатының тұрақты бақылауында болады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ukmaslihat/press/news/details/1274407?lang=ru

Жауап қалдыру