«ХРОМТАУ» ФК КЕЗЕКТІ ТУРДА ЖЕҢІСКЕ ЖЕТТІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
ҚР футбол федерациясының ұйымдастыруымен өтіп жатқан Екінші лига чемпионатының 17-туры аясында «Хромтау» футбол клубы өз алаңында Шымкент қаласының «Ордабасы М» командасымен кездесті.

Матчтың 52-минутында «Хромтау» командасының ойыншысы Елдар Жақан мергендік танытып, ойынның жалғыз голын соқты.

Нәтижесінде жергілікті команда қарсыласын 1:0 есебімен жеңіп, турнирлік кестедегі өз ұпай қорын толықтырды.

Аталған матчқа аудан тұрғындары мен футбол жанкүйерлері белсенді қолдау білдіріп, команданың жеңісіне куә болды.

«Хромтау» футбол клубын кезекті жеңісімен құттықтап, алдағы ойындарда да сәттілік пен жаңа жеңістер тілейміз.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-hromtau/press/news/details/1274652?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді