
Кедергісіз ортаның өзекті мәселелері
Талдықорған қаласында Департамент басшысы З. Илимжанованың және әлеуметтік қорғау саласындағы бақылау бөлімінің басшысы Б. Ормановтың Instagram әлеуметтік желісінде ақпараттық блог жүргізетін азаматтық белсенді Tansari TDK-мен және Талдықорған қаласы әкімінің кеңесшісі В. Друзинмен «Кедергісіз ортаның өзекті мәселелері» тақырыбында кездесуі өтті.
Кездесу барысында қолжетімділікті қамтамасыз ету және кедергісіз ортаны қалыптастырудың өзекті мәселелері, сондай-ақ ерекше қажеттіліктері бар азаматтар үшін жағдайларды одан әрі жетілдіру жөніндегі ұсыныстар талқыланды.
Мемлекеттік органдар мен азаматтық қоғамның қалалық инфрақұрылым мен әлеуметтік нысандардың қолжетімділігі мәселелерін шешудегі өзара іс-қимылына ерекше назар аударылды.
Кедергісіз орта — әрбір адам үшін тең мүмкіндіктер, қолжетімділік және жайлылық!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek-zhetysu/press/news/details/1274188?lang=ru

Жауап қалдыру