
МЕДИЦИНАЛЫҚ-ӘЛЕУМЕТТІК САРАПТАМА МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША СЕМИНАР-КЕҢЕС ӨТТІ
2026 жылғы 5 тамызда Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Түркістан облысы бойынша департаменті мен Түркістан облысының Денсаулық сақтау басқармасы бірлесіп, ZOOM платформасы арқылы семинар-кеңес өткізді.
Іс-шараға Департамент басшысының орынбасары М. Архаров, медициналық-әлеуметтік сараптаманың әдіснама және бақылау бөлімінің мамандары, сондай-ақ медициналық ұйымдардың дәрігерлік-консультациялық комиссия төрағалары қатысты.
Семинар барысында келесі мәселелер талқыланды:
Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу қағидаларына қатысты түсіндіру жұмыстары;
2026 жылдың алғашқы алты айындағы алғаш рет мүгедектік белгілеу қорытындылары және интенсивті көрсеткіштер;
Сырттай-проактивті куәландыру үлесін көрсетілген мемлекеттік қызметтердің жалпы санының кемінде 45 пайызына жеткізу;
№031/у нысаны бойынша құжаттарды сапалы, толық және негізді түрде жолдау;
Азаматтарды медициналық-әлеуметтік сараптамаға көзбе-көз және сырттай куәландыруға негізсіз жіберуге жол бермеу;
Медициналық тексерудің толықтығын, көлемін және азаматты МӘС-ке жіберудің негізділігін қамтамасыз етуде ДКК төрағаларының жауапкершілігін күшейту;
Жекелеген нозологиялық нысандар бойынша сырттай-проактивті форматта мемлекеттік қызмет көрсетудің ерекше тетігін іске асыру тәртібі.
Пилоттық жоба шеңберінде туа біткен және жүре пайда болған қайтымсыз ақаулары бар, аяқ-қолдары жоқ немесе ампутация жасалған, мукополисахаридоз және Даун синдромы диагноздары қойылған азаматтарды сырттай-проактивті куәландыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Семинар қорытындысында медициналық ұйымдарға құжаттарды сапалы рәсімдеу, азаматтарды МӘС-ке жіберудің негізділігін қамтамасыз ету және сырттай-проактивті қызмет көрсету үлесін арттыру бойынша тиісті ұсынымдар берілді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek-uko/press/news/details/1274058?lang=ru

Жауап қалдыру